Апат сәрсенбі күні, Атана уақытымен 16 сағат 25 минутта болған. Соның салдарынан Алматы қаласындағы бірнеше аудан мен Алматы облысындағы Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары тоқсыз қалды.
20-шілде күнгі 21 сағат 40 минуттағы жағдаймен электрмен қамтамасыз ету жүйелерін апаттық ауыстыру арқылы барлық тұтынушылар тоқпен қамтамасыз етілді.
Жоғары кернеулі электр желісінің істен шығу себептері бүгін, 21-шілдеде анықталады, деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі.