Алматы тұрғыны футбол матчына бәс тігіп 125 миллион теңге ұтып алды

Видео Instagram желісіндегі krutye_agashki тобында жарияланды. Осы уақыттың өзінде видеоны 50 мыңнан аса адам тамашалаған.

Видеода ер адам былай дейді: “Осылай боларын сезгендеймін”, “Ливерпуль” өтті, “Барса” өтті, “Рома” – “Челси” өтті… 125 коэфицентке миллион қойдым”.

Видеода айтылып отырған ойындар 18, 19 қазанда өткен Чемпиондар лигасына қатысты болуы мүмкін.

Қолданушылардың кейбірі видеоның жарнама мақсатында түсірілген болуы мүмкін екенін айтады. Алайда Қазақстан букмекерлер ассоциациясының өкілдері бұл деректі жоққа шығармады, бірақ растаған да жоқ.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!


Loading...