Басқармадағылардың түсініктемесіне сәйкес, 26-қазанда "Ростов" бекетінде "Мерседес-Банц 108" автокөлігі ұсталып, тінту кезінде одан 330 килограмм сайғақ мүйіздері салынған 11 қап табылып тәркіленді.
Сонымен бірге Атырау-Орал тас жолында Махамбет ауылына таяу жерде Атырау облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері "УАЗ-452" автокөлігін тоқтатты. Орал тұрғыны айдаған автокөліктен тәртіп сақшылары 45 килограмм балық тапты.
Бұл деректер бойынша тексеру жүргізілуде.