Алматы тұрғынының көлікжайынан оқ-дәрілердің қоймасы табылды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 шілдеде Әуэзов ауданында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қаланың 46 жастағы тұрғынын ұстады. "Алатау" гараждар кооперативтінің аумағында орналасқан оның көлікжайынан 7,62 мм-лік 32 оқ, 5,45 мм-лік 18 оқ, 9 мм-лік 5 оқ, артиллериялық снаряд, 500 г дәрі мен пулемет лентасы табылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті