Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматыда бүгін түнде жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.

"Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.

Автор: Caravan.kz