Алматы əуежайында қайыр сұраумен айналысқан молдавиялық жасөспірім ұсталды


Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 жасар азамат арнайы операция кезінде қолға түсті. Қазір ол қалалық жасөспірімдердің бейімдеу орталығында.
Операцияның он күнінде қоғамдық орындарда тəртіп бұзған 357 адам ұсталды. Оның 267-сіне айыппұл салынды.