Майра Жаманбаланованың айтуынша, "Дуэт" тұрғын үй кешеніндегі олардың үйлері салынып бітуге шақ қалған. Алайда құрылыс міне бірнеше ай тоқтап тұр. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы бұрынғы мәлімемелері мен әртүрлі органдарға шағымдану нәтиже бермеген. Оның үстіне жерінде құрылыс жүргізіліп жатқан Қазақ мемлекеттік сәулет және құрылыс академиясы болашақ үйдің жанынан бетон дуал сала бастаған. Дуал екінші қабаттың балкондарына тіреліп тұр. Бұл оқиға да құрылыс аяқталған жағдайда үйге коммуникация тартуға кедергі келтіреді.
Дүйсенбі күні "Дуэт" үлескерлері бітпеген үйлерінің жанында журналистерге арнап брифинг өткізген. Ал бүгін ресми биліктен кезекті рет көмек сұрады.
Сол уақытта үйлерінің жартысын да салып бітірмеген "Қазтранскомсервис" компаниясының үлескерлері қала билігінің ықпал етуіне өтініш жасады. Қазір компанияның есепшоттары тұтқындалған, басшылығы тергеуде. Ал несие беруші банк болса, компанияны банкротқа отырғызуға талпыныс жасауда.
"Қазтраскомсервисті" банкрот деп тану туралы іс қазір сотта қаралып жатыр. Арыз беруші "ЦентрКредит" банкі" АҚ. Құрылыс салушы компанияның басшылығы салынып жатқан тұрғын үй кешенін кепілге қойып, осы банктен 15 млн доллар несие алған. Банк енді осылайша өз ақшасын қайтарып алмақ ниетте. Ал үлескерлер банкроттық процедурасы жүзеге аспау үшін қолдан келгеннің барлығын жасап бағуда.
"Қазақстан Республикасының заңы бойынша құрылыс компаниясы банкрот деп танылған жағдайда үлескерлер бесінші кезекпен сапқа тұрады. Біз "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңға түзету енгізуден үміттендік. Ол боынша үлескерлер үшінші кезекте тұрады. Алайда, олай болмады. Енді компанияны банкрот деп тапса, "Қазтранскомсервистің" мүлкі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. Ал үлескерлерге дейін ақша іс жүзінде жетпейді", - деді "Қазтранскомсервис" үлескерлерінің қорғаушысы Ермек Тұрсағұлов.
Е. Тұрсағұлов сондай-ақ, кейбір үлескерлер салынып жатқан пәтерлерге өзінің құқығын дәлелдеуге тура келген. "Қазтранскомсервис" басшылығы қос бухгалтерия жүргізген. Жалған түбіртектер берген. ҰҚК берілген келесімшарттарға сараптама жүргізген. Бұл компанияның нағыз үлескері 86 боып шықты. Ал бухгалтерия бойынша 20-сы ғана өткен", - деді ол.
Қазіргі уақытта "Қазтрансокмсервис" үлескерлері инвесторды өздері тапқан. Ол проблемалы үйлерді аяқтауға келіскен. Алайда, компанияны банкрот деп таныса, бұл мүмкін болмайды және үлескерлер пәтерлерінің орынына тек салынған ақшаларының бір бөлігін ғана қайтарып ала алуы мүмкін.
Сол себепті де үлескерлер әкімдіктен көмек сұрап келіп отыр. Әкімдіктің мәселелердің бір бөлігін шешуге қауқары жетеді. Атап айтар болсақ, кешен жобасымен келісіп, құрылыс басталғанда пайда болған ғимарат қабатының саны жайындағы пікір қайшылықтарын шешуе алады.
"Біз бұл істі сотсыз шешуді ұсынғанбыз. Біздің азаматтық заңнамамыздың негізінде банк "Қазтранскомсервис" мүлкін аукционда сатуына болар еді. Ал инвестор сатып ала алар еді", - деп есептейді Е. Тұрсағұлов.
Жоғарыда аталған компаниялардың үлескерлері үкіметтік үлескерлерді қорғау бағдарламасына жатпайды. Дегенмен, бұдан бұрын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Виктор Долженков әкімдік үлескерлер қатысқан барлық тұрғын үй кешендерінің мәселесін шешеді деп мәлімдеген болатын. "Проблема туындап отырған нысандар бойынша үлескерлермен де, қосымша жер беру есебінен тартуға болатын инвесторлармен де барлық механизмдерді қарастырып көреміз", - деген еді ол.