Алматы вокзалы егеуқұйрық табылған дәмхананы сүріп тастады

-Етті жеп жатыр! Түсіріп ал!

- «Алматы-2» вокзалы!

Бұл таспаны вокзал маңында жүргендердің бірі байқап, ұялы телефонына түсіріп алған. Ақпарға қарағанда, етке ауыз салып тұрған кеміргішті дүңгіршік ішіндегілердің бірде-бірі байқамапты. Тек ғаламторға түскеннен кейін әрекетке көшкен. Вокзал әкімшілігі де шапшаңдық танытып, дәмхананы таңертеңмен сүріп тастапты. Егеуқұйрықтың дәмханада еркіндік құрып жүрген тағы бір оқиға өткен аптада Астанада болған еді. Онда кәуап әзірлейтін асханада кеміргіш дайын ас үстінде жүрген. Сөйтіп, іс бірден прокуратура қарауына түскен. Бұл жолғы да солай ақталатын тәрізді. Қазір «Алматы-2» вокзалында жаппай тазалыққа тексеру жүргізіліп жатыр.

Ерік Шінтеков, «Вокзал-сервис» АҚ Алматы филиалының директоры:

- Алматы қаласының тұтынушылар құқын қорғау департаментіне хат жолдадық. Бірлесіп тексеру жүргіземіз. Ал кім мұндай дүңгіршіктерде сауда жасауға рұқсат береді деген сауалға, мен жауап бере алмаймын.

Loading...