Театр киім ілгіштен, әуежай туалеттен басталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы экономист Айбар Олжаев жазды.
Егер ТМД кеңістігінде "Әуежайдағы әдемі және таза туалеттер" рейтингі болғанда, Алматы шілдеден бастап үздіктер қатарынан табылар еді.
Шілдеден бастап шетелге жазғы демалысқа Алматыдан ұшатын болсаңыз, әуежайдағы жаңа терминал арқылы кетесіз. Мұнда туалетке баса назар аударылған.
"Енді туалет бойынша ұялмаймыз. Бұл қалжың емес, Стамбул немесе Франкфурт әуежайларынан Алматыға ұшып келіп, дәретханаға кіргенде жылағың келетін. Қашан түзеледі деп іштей сұрақ қоятынбыз", - деп жазды Айбар Олжаев.
Енді Алматы (ALAport) Астана, Ташкент, Мәскеу, Манас туалеттерінен оқ бойы озық. Бізбен тек Бакудағы туалеттер ғана таласа алатын сияқты.
Алматы унитазының плюсі - жаңа, Баку унитазының плюсі - дизайнерский.
Екінші мәселе - Алматы әуежайының бренді. Оның ИАТА коды ALA. Сондықтан Алматы халықаралық әуежайы деп шұбатпай, ALAport деген неймингті кеңінен енгізу керек.