Алматы жаңа жұмыс кестесіне көше ме? Әкімдік жауабы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматыда көлік ағыны шамадан тыс екенін ескерсек, жұмыс күнінің басталу уақытын ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма? Егер қарастырылса, қандай ұйымдарға және қай уақытқа?" – деп Tengrinews.kz тілшісі ресми сауал жолдаған еді.

Әкімдіктің баспасөз қызметі мынадай жауап берді:

"Қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне, оның ішінде жұмыс уақытының басталуына өзгерістер енгізу әзірге қарастырылып жатқан жоқ", – делінген хабарламада.