Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин тапшылығы байқалады

«ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттері қызметкерлерінің агенттікке мәлімдеуінше, жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин жоқ, өйткені бензовоздар сұйық отын тасып үлгермеуде.

Sinoоil жанармай бекеттерінде АИ-92 бензині бар, алайда үлкен кезек туындаған.

«Бізде талонсыз 92 сатылады. Басқа жанармай бекеттерінде талонмен сатылуда ", - дейді Sinooil жанармай бекеттері.

Helios жанармай бекеттерінде АИ-92 бензині кешке болмақ.


«Бензин болған, бірақ таусылып қалды. Басқаларында бензин болмағандықтан бізден құйып, АИ-92 бітті», - дейді Helios жанармай бекеттері.

"Газпромнефть" жанармай бекеттерінде де осы маркалы бензин жоқ.