Алматы және Алматы облысында 17 адам көмірқышқыл газынан уланып, бір адам қайтыс болды

Алматының Медеу ауданындағы бір жеке меншік үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 20-дан 55 жас аралығындағы төрт адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді.

Ал қаланың Әуезов ауданындағы Таугүл-3 ықшам ауданында тағы да осындай себеппен бес адам, соның ішінде 14 және 16 жастағы екі жасөспірім көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға түсті.
Алматы облысы Қарасай ауданы Қарғалы ауылында 13 және 14 жастағы екі жасөспірім мен 35 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді.
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында төрт адамнан құралған отбасы көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.