Алматы және Алматы облысында өткен тәулікте түрлі апаттардан үш адам қаза тауып, екеуі жараланды

Министрлік ақпаратына сәйкес, Алматы қаласының Жетісу ауданында "Мерседес" және "Мицубиси" автокөліктері соғысты. Апат салдарынан "Мицубиси" жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында мерт болып, "Мерседестің" жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге Талғар-Новоалексеевка тас жолының 9-шақырымында "Ауди" автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел жарақат салдарынан Талғар аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды.