ТЖМ ақпараты бойынша, 20 қаңтарда Байтерек ауылында сағат 7.35 жер үйлердің бірінде өрт өршіді. Соның салдарынан бір адам 1және 2 дережелі күйікке шалдығып ауруханаға жеткізілді. Өрт ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 9.20 ауыздықталды. Бұл жұмысқа 4 адам және бір бірлік техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Эмба қаласында 20 қаңтарда бір жер үйді өрт шарпып, сағат 12.30 оны сөндіру кезінде бір адамның мәйіті табылды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 4 адамы және бір техникасын жұмылдыру арқасында ауыздықталды.