Caravan Logo

Алматы және Павлодар облыстарында жол апатынан бір адам қаза тауып, он адам жараланды

Алматы және Павлодар облыстарында жол апатынан бір адам қаза тауып, он адам жараланды

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 598-ші шақырымында 14 қыркүйекте "Мерседес" және "Тойота" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "Тойотаның" 37 жастағы жүргізушісі қаза тапты; "Тойотада" отырған 15 жастағы бозбала мен 53 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Павлодарда Павлодар - Лебяжий тас жолының 1-ші шақырымында 14 қыркүйекте екі "Мазда" көлігі соқтығысты.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тағы да екі жолаушы үйлеріне жіберілді.