ТЖМ мәліметінше, Алматының Әуезов ауданындағы Жандосов көшесінде "Лимон" дәмханасында 6 тамызда сағат 05.25-те 200 шаршы метр аумақта өрт шықты. Өрт салдарынан 30 жастар шамасындағы екі адам қаза тапты. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 5 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 17 адамының көмегімен 6 сағат 25 минутта сөндірілді.
Алматы облысының Сарқанд ауданы Алмалы ауылында Андабеков көшесінде 5 тамыз күні сағат 14.37-де жай үйде өрт шықты. Өрт салдарынан екі жастағы екі бала қаза тапты. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының көмегімен сөндірілді.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Восточный ауылында 5 тамыз күні 21 сағат 19 минутта төрт пәтерлі тұрғын үйде 100 шаршы метр аумақта өрт шықты. Соның салдарынан 78 және 73 жастағы екі әйел мерт болды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының көмегімен 23 сағат 36 минутта сөндірілді.