Алматы және Жамбыл облыстарында ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар облыстарда ескерту жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.

Алматы және Жамбыл облыстарында сел жүруі мүмкін.

«6 маусымда Алматы және Жамбыл облыстарында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты өзендер тасуы мүмкін. Сол себепті бұл өңірлерде беткейлік ағын пайда болуы ықтимал», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, осы
аптада қазақстандықтарды жаңбырлы
апта күтіп тұр.