Алматы және Жамбыл облыстарында нөсер салдарынан ондаған үй мен егістік алқаптары су астында қалды

Алматы облысы Панфилов ауданында нөсер салдарынан Кіші Шаған ауылы су қоймасындағы құм бөгет бұзылып, 100 үй мен 200 гектар ауылшаруашылық алқаптары су астында қалды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Су тасқынының салдарын жою жұмысына ҚР Қорғаныс министрлігінің 74261 әскери бөлімшесінің 20 адамы, 5 техника мен жергілікті 10 тұрғын жұмылдырылды. Аудандық әкімшілік қажет жағдайда тұрғындарды басқа жаққа көшіріп әкету үшін 7 автобус қамдады.
Жамбыл облысы Қордай ауданында нөсерге байланысты Ырғайты өзені арқылы су тасқыны жүрді. Сел салдарынан 500 гектар егістік алқаптары мен 30-40 үй су астында қалды.
Табиғаттың тосын мінезінен келген шығын көлемін есептеу, зардап шеккен тұрғындарға қолұшын беру бағытында шаралар қолдану үшін оқыс оқиға орнына аудандық арнайы комиссия келді. Тұрғындар басқа жаққа көшірілген жоқ. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.