Алматы және Жамбыл облыстарында жол апатынан екі адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жатқызылды

ТЖМ мәліметінше, 11 маусымда 16 сағат 40 минутта Алматы - Астана тас жолында (215 шақырым) "Мерседес" көлігі аударылып кетті. Соның салдарынан автокөлікте отырған жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды. Басқа екі жолаушы, соның ішінде бір жас шамасындағы бала ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, 11 маусымда 18 сағат 30 минутта Жамбыл облысында Алматы - Ташкент тас жолында (448 шақырым) "Мицубиси-Галант" және "ГАЗ-3507" көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Мицубиси-Галант" жүргізушісі ауруханаға жеткізер жолда көз жұмды. Ал "Мицубиси-Галант" көлігінде отырған төрт жолаушы, соның ішінде 2 және 5 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды.