Алматы және Жамбыл облыстарында жол апатынана төрт адам қаза тауып, төртеуі жараланды

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 515-ші шақырымында 24 шілдеде сағат 09.50-де "Мазда-626" көлігін жүргзуші әйел "Ниссан-Премьера" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Ниссан-Премьера" көлігінің 68 жастағы жүргізушісі мен оның 70 жастағы әйел жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, "Мазда-626" көлігінің жүргізушісі, 22 жастағы әйел мен оның 25 жастағы екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-вқ, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында Мерке - Шу - Бурылбайтал тас жолының 250-ші шақырымында 24 шілдеде сағат 04.30-да "Volvo" көлігі "КамАЗ" жүк көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан "Volvo" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен оның 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырып, 21 жастағы екінші жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.