Алматы жасыл қалаға айналады: шаһардың бас жоспары әзірленуде

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі мақсат – жасыл аймақтарды кеңейту, тауға жақын аумақтарды бақылаусыз құрылыстан қорғау және экологиялық тұрғыдан теңгерімді қалалық орта қалыптастыру.

Сонымен қатар, қалада туризм инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылуда. Қазіргі таңда, Алматыдағы қонақүйлердің жүктемесі 95%-ға жеткен, ал 54 жаңа қонақүй жобасы іске асырылу кезеңінде.

Сапалы инфрақұрылымсыз туристік ағынның тұрақты өсімін қамтамасыз ету қиын. Сондықтан бұл бағытта егжей-тегжейлі жұмыс жүргіземіз, – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Бас жоспардың басты мақсаты – Алматыны тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы, жасыл әрі тартымды мегаполиске айналдыру.