Алматы жолаушыларға қасақана жөтелген пранкер жауапқа тартылды (Видео)

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Әлеуметтік желіні бақылау негізінде ұсақ бұзақылық фактісі анықталған. 

"Қазір, қиын жағдай туындаған кезде азамат Х.-тың әрекеттері қорлық болып табылады. Хайп үшін жас жігіт барлық моральдық-этикалық нормаларды ысырып тастады, осы үшін де полиция қызметкерлері тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, пранк жасамақшы болған жігіт халықтан кешірім сұрады.