Алматы жолдарындағы апаттарды алдын алу шаралары туралы

Жол полициясы көлікті мас күйінде жүргізгендерге, көліктің алдыңғы әйнектерін қараңғылағандарға және дыбыс сигналдарын беретін жүргізушілерге қатысты қолданылатын шараларды қатаңдатады.

Жол қауіпсіздігінің кернеулік жағдайы бұрынғыша сақталып отыр.

Бүгінде Алматыда бір жарым миллионнан аса көлік тіркелген. Сонымен қатар, тәулік бойы қалаға сырттан 200 мың көлік кіріп, қала жолдарындағы жағдайды ұшықтыруда.

Біздің басқарма жол қозғалысы қатысушыларына қауіп төндіретін заң бұзушылықтарға тосқауыл қойып, көлікті мас күйінде жүргізетіндерді құрықтап, жол жүру ережесін өрескел бұзғандарды анықтап, Алматы жолдарындағы өлім- жітім көрсеткіштерін төмендетіп, апатты оқиғаларды азайту мақсатында жоспарлы түрде рейдтік шараларды жүйелі түрде өткізіп отыр. Жол полициясының инспекторлары күн сайын көлікті мас күйінде жүргізген 100 ден азаматты қолға түсіруде.