Алматы жұртшылығы жаппай жүгіруге шығады

«Қысқы жүгіруде алматылықтар өзінің қандай межеге шамасы жететін анықтап, Алматы марафонында көрсететін мүмкіндігін сынайды. Сөре сызығы Президент паркінен басталады. Қатысушыларға викториналық сауалдар қойылады, қызықты шаралар өткізіледі», - деді ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева.

Тіркеу жұмыстары 500 адамға жеткенде тоқтатылады. Старт нөмірлері 25-26 ақпанға дейін беріледі.