Алматы жұрты соғысты көрген қазақ қаламгерлерін еске алды

Кешке соғысты көзбен көргендер келген. Араларында әлемге әйгілі майдангер-жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов те бар. Концерт көрермендері алдымен Қасым Аманжолов, Мәлік Ғабдуллин, Баубек Бұлқышев, Бауыржан Момышұлы сынды жауынгер-жазушылардың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ал мерекелік шара дәстүрлі ән өнерімен басталды. Артынша студент-жастар соғыс жылдарын бейнелеген сахналық қойылым өткізді.

Ғалым Жайлыбай, Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары:

-Соғыстың жылнамасын жасаған ең бірінші біздің қаламгер қауым. 120-ға тарта біздің қалам ұстаған ақын-жазушылар сол соғысқа қатысқан, біразы сонда опат болған. Мамыр айында тойланатын тойдың ең алғашқы беташарын осы Қазақстан Жазушылар одағының бастағаны дұрыс шығар деп ойладық. 

Loading...