Алматы зообағы жаңа жануарлармен толықты

Мәскеу зообағынан көк қошқар - нахурлар әкелінді. Бұл туралы зообақ баспасөз қызметінен хабарлады.

Нахурлар тауешкілерге ұқсайды. Каракорум, Гиндукуш, Памир, Иран таулары, Гималай мен Тибет аймақтарында мекендейді. Олардың екі аналығы мен аталығы төл өргізіп, енді зообақ келушілерін қуантатын болады.

Сондай-ақ Мәскеу зообағынан үш опоссум мен дегу егеуқұйрығы әкелінді.

Солтүстікамерикандық қалталы жануар да экзотикалық жануарға жатады. Оны ең алғаш Еуропаға Колумб алып келген. Бір қызығы, олар жабайы табиғат аясында екі-ақ жыл өмір сүреді. Ал зообақта 7 жылға дейін өмір сүруі мүмкін. Дегу егеуқұйрығы Чилидің Анд тауларынан келді. Басында бұл жануар тиін тұқымдастарға, кейін егеуқұйрық тұқымдастарға жатқызылды. Бұл кеміргіштердің де аналығы мен аталығы әкелінді.