"Ересек азамат аюлардың торына келді де, қолындағы тасын бар күшімен ұйықтап жатқан гималайлық аюға лақтырды. Ол осылайша балаларының көңілін көтермек болыпты", - дейді зообақ директоры.
Ер азамат бұл әрекетін тағы да қайталамақ болыпты. Алайда, күзет қызметкерлері дереу жетіп келіп, оны тоқтатып үлгерген. Оның үстіне, жанында болған әйелі бейнебақылау камераларын көріп, күйеуін тоқтатпақ болған.
"Біз оны зообақтан қуып жібердік. Бірақ, бұл жолы полиция шақырмауды жөн көрдік. Өйткені, оның жанында кішкентай балалары болды", - дейді Ержан Еркінбаев.
Абырой болғандай, Байкал жарақат алмапты. Хайуанаттар бағының басшылары болса келушілерге жан-жануарларды қорлауға болмайтынын тағы да ескертеді.