«Алматы-1» станциясының желілік ІІБ-ның бөлім бастығына пара алды деген күдік келтіріліп отыр

Бұл туралы жұма күні қалалық Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

20-тамыз күні Алматы қалалық қаржы полициясы департаментіне шағымданған кәсіпкерлердің бірі «Алматы-1» станциясының желілік ІІБ лауазымды тұлғасының өзінен 84 мың теңге пара талап еткенін айтқан.

Бөлім бастығы пара алу барысында қолға түсті.


Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүріп жатыр.