«Алматы-2 - Арыс-1» бағытында қосымша жедел жолаушылар пойызы іске қосылды

Пойыз аптасына бір рет, Алматы-2 станциясынан жұма, Арыстан сенбі күндері аттанады. Оның құрамында 10 вагон бар, оның ішінде - 5 купе, 5 плацкартты вагон. Жолаушылар сұранысы артқан жағдайда қосымша вагондар тіркеу де жоспарда бар.


Жолаушыларды отырғызу және түсіру Отар, Шу, Луговой, Жамбыл, Түлкібас, Шымкент станцияларында жүзеге асырылады.