«Алматы-2» станциясында жолаушылар вагоны өртенді

«Алматы-2» станциясында вагон өртенді, деп хабарлайды Baq.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 қаңтарда сағат 08.40-та «101» пультіне Алматы-2 теміржол вокзалында қосымша жолда құрам реттеуінде тұрған жолаушылар вагонынан өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына 08.51-де жетті. Бөлек тұрған вагоннан қап-қара түтін шығып жатқан. Өрт сөндірушілер вагон ішінде адамдардың бар-жоғын тексерді. ТЖ қызметкерлері тілсіз жауды сөндірумен қатар, өрттің неден шыққанын анықтау жұмыстарын жүргізді.

Өрт сағат 9.10-да сөндірілді. Жалын 20 ш.м. аумақты шарпыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


ТЖД өкілдерінің болжамынша, өрттің тұтануына қатты отынмен жанатын пешті қараусыз қалдыру себеп болған.