Алматы-Астана тас жолында үш көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Полицейлердің деректеріне сүйенсек, жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шегіп, біреуі оқиға орнында жан тапсырды. «БМВ-520» және екі «Мазда» көлігі «Алматы-Астана» тас жолында соқтығысты.

 «Алдын ала анықталғаны,  жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, қарсы жолға шығып кетіп, қарсы келе жатқан екі көлікке соқтығысқан», - деп хабарлады ІІД.

Апат фактісі бойынша сот алды тергеу басталды.


Екі әйел, бір ер адам Қаскелең ауруханасына жеткізілді.

Еске салсақ, жуырда Алматы облысында Алматы-Бішкек жолының 109 шақырымында    «Форд Фокус» және «Хонда Элисон» көліктері соқтығысып, 5 адам ажал құшқан, тағы екеуі ауруханада көз жұмған еді.