Алматы-Бішкек тас жолында болған жол апатынан бір адам көз жұмып, екеуі зардап шекті

Жол-көлік оқиғасы 17 тамыз түнде Алматы-Бішкек республикалық автожолының 70-шақырымында болған. Toyota Carina автокөлігі Audi-100 автокөлігімен соқтығысты. 

Апат салдарынан Audi ішінде болған үш әйел зардап шегіп, оның біреуі оқиға орнында көз жұмды, екеуі түрлі жарақаттармен Ұзынағаш ауылы ауруханасына жеткізілді. 

Алдын-ала болжам бойынша 33 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қарсы бетіне шығып кетіп, жол бойында тоқтап тұрған Audi автокөлігіне соқтығысқан.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі. 


Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің барлығы Жамбыл облысының тұрғындары екені анықталды.