Алматыда 0,5 кило героин сатуға әрекет жасаған Қырғызстан азаматы ұсталды

24 жастағы Қырғызстан тұрғынын Алматы қалалық ІІББ-ның есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 21-наурыз күні кешкісін Төле би және Руднев көшелерінің қиылысында ұстады. Тінту нәтижесінде одан 568,56 грамм героин тәркіленді.

Қазір тұтқын уақытша тергеу қапасында отыр. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.