Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков айтты.
Оның ішінде 363 адам стационарлық жағдайда ем алып жатыр, 2018 жылдың қаңтарынан бері 390 адам суицид жасамақ болған. Оның ішінде 37 адам өзіне қол салды.
«Психологиялық асқынуларға маусымдық фактор ықпал етеді. Әлеуметтік желідегі жалаңаш көшеде жүрген адамдарға келсек, оларда психологиялық ауытқу жоқ болар. Адамдардың назарын өзіне аудару үшін жасалған әрекет дер едім. Қоғамға қауіп төндіретін науқастарға стационарда жатып емделеді. Онда адамдарды кездестірген жағдайда құқық қорғау органдарын шақыру керек», - деді Нұржан Исабеков.
Сонымен қатар, маман психологиялық ауытқулар жас ерекшелігіне байланысты екенін атап өтті.
«Ауытқудың асқынуына бірінші кезекте күйзеліс әсер етеді», - деді дәрігер.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа бес жастан бастап баратын болды
Астанада өзеннен сәбидің денесі табылды
Жас қызды жетектеп шықты. Шымкентте мешіт имамының бесінші рет үйленгені рас па