"Мен бүгін Алматы қаласының жаңа әкімімен кездестім, ол ТЖМ бөлімшелерінің маңыздылығына назар аударды. Қаладағы бар өрт деполары сан жағынан бүгінгі инфрақұрылымдардан артта қалып отырғандықтан, өрт сөндіру қызметін күшейту шараларын қолға алу жөнінде келісім жасалды. Алматыда өрт көздеріне тез жетудің есептік параметрлерін қамтамасыз ететін 10 өрт депосы жетіспей отыр ", - деп хабарлады В. Божко. Ол айтқанындай, мемлекет бойынша 163 жаңа өрт сөндіру депосын салу керек.
Сонымен қатар, министр өрт сөндіру қызметінде арнайы көліктердің тапшылығы жөніндегі мәселені көтерді. Биылғы жылы ТЖМ тарапынан республикаға 183 өрт сөндіру техникасы сатып алынады. Алматығы бұл арнайы техниканың қаншасы жеткізілетіні белгісіз. Министр хабарлағанындай, жолдардағы кептеліс жағдайында өрт ошағына тез жететін ұтқыр машиналар таңдап алынады. Сонымен қатар, ТЖМ "өртті сөндірудің жаңа технологияларын пайдаланылады", деп хабарлады В. Божко.
В. Божко базарлардың қызметіне назар аударды. " Алматыда 61 базар жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі өрт сөндіру қауіпсіздігі сақталмай салынған.Біз өртті бақылау департаментінің бастығына базар иелерінен тәртіпті орнатуды талап етуді тапсырдық . Керек болса істі сотқа дейін апару шаралары қолдынылады", - деп хабарлады министр.