Қаулыны Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 соты шығарды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты.
«Соттың 2015 жылғы мамыр айының 21-і күнгі қаулысымен ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша қылмысты жасаған деп айыпталған В.М.Осинскийге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - деді Қ.Ешімет.
Оның айтуынша, қылмыстық іс материалдарына сәйкес, В.М.Осинский 12 мамырда сағат 12.00 шамасында Радостовец көшесінде орналасқан 199 үйдің кіре беріс дәлізінде кәмелетке толмаған қыз балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, жәбірленушінің тәніне және моральдық залал келтірген.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қаскүнемнің әрекеті подьезд ішіндегі бейнекамераға түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желі пайдаланушыларының бірінің парақшасында жарияланды.
Қылмыс 12 мамырда болған. Қыздың ата-анасы 16 мамырда полицияға жүгінген.