Алматыда 100-ден аса кәсіпкер мен компания ойын бизнесімен айналысады - телеарна

Телеарна мәліметтеріне сүйенсек, ойынхана немесе ойын салонын ашу үшін бақылаушы органдарды өзіңнің мекемеңде ақшалай ұтыссыз ойнайды деп сендірсең жеткілікті.

"Ойын залдары құпия пәтерлерде жасырынбайтын болды. Өз бағын заңды түрде кез келген үміт білдіруші сынай алады. Ойын клубтарының әкімшілік жұмыстарын жүргізушілердің барлығында да құмар ойындарға тыйым салынғаннан кейін берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері бар", - деп хабарлайды КТК тілшісі.

Салық департаменті клиенттерге ұтыс ақшасын төлеместен рулетка айналдыруға уәде берген адамдардың ойын залдары заңды түрде жұмыс істеп тұрғанын растады. Оларды ешқандай кедергісіз тіркеуден өткізеді.

"Тек биылғы жылы жүзден астам кәсіпкер Салық комитетінен рұқсат алған. Жеке әңгімеде олар қызық үшін ойнайтындар ойынханаға келмейтінін мойындайды", - деп атап көрсеткен КТК тілшісі.