Алматыда 100-ден аса оқушы бір мезетте ойналатын шахмат сеансына қатысты

бір мезетте ойнайтын шахмат сеансы өтті. Оған осы академияда оқитын 100-ден аса оқушы мен осында дәріс беретін екі халықаралық гроссмейстер және бір ұлттық шебер қатысты.

«Бүгін біз үшін ерекше күн. Өйткені, бүгін әлемде осымен 50-ші рет Халықаралық шахмат күні атап өтіліп жатыр. Бұл күні көптеген елдерде  шахматқа қатысты тақырыптық шаралар мен жарыстар өткізілу үстінде. Соған орай біз де тұңғыш рет академия қабырғасында бір мезетте ойнайтын шахмат сеансын ұйымдастырдық. Оған біздің халықаралық дәрежедегі екі шетелдік гроссмейстеріміз және бір ұлттық шеберіміз қатысуда. Бір педагогпен ойнап болған оқушы, келесі педагогпен де ойнауға мүмкіндігі бар. Жалпы, оқушыларымыздың жас ерекшеліктері әрқалай. Ең жас оқушымыздың жасы төртте. Сеансқа 2 сағат уақыт берілді», - деді өз сөзінде Жансаяның анасы әрі осы академияның оқу ісі жөніндегі директоры Алма Әшірова.

Оның айтуынша, шахмат сеансының шахмат сүйер жастар үшін пайдасы өте зор.

«Бұл, біріншіден, олар үшін үлкен тәжірибе. Екіншіден, жастар халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлермен ойнау мүмкіндігіне ие болып отыр. Бүгінгі күн олардың есінде өмірбақи сақталатын болады. Әрине, олардың барлығы бірдей атақты шахматшы болмауы мүмкін. Бірақ, кезінде гроссмейстермен шахмат ойнағандарын еске алып жүретін болады», - деді А. Әшірова.          

Өз сөзінде Академия директоры қазір Жансая Әбдімәліктің Бельгияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқандығын жеткізді.


«Жансая қазір жоспар бойынша Бельгияда өзінің бапкерімен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Биыл бірінші қыркүйекте Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында 20 жасқа дейінгі әйелдер арасында Әлем чемпионаты өтеді. Жансая соған барынша дайындалып жатыр. Күніне кем дегенде 8 сағат шахматпен айналысады. Әр түрлі сараптамалар жүргізеді», - деді А. Әшірова.

Айта кетелік, Жансая Әбдімәлік атындағы былтыр ашылған шахмат Академиясында бүгінде 300-ден аса жасөспірім шахмат ойынының қыр-сырын меңгеріп жүр.  

Белгілі болғанындай, бүгінгі сеанста үш оқушы ғана өз партияларын тең аяқтады. Қалғандары жеңілді.