Алматыда 12 адам ыс тиіп уланды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін 4 сағат 23 минутта көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 7 адам ыс тиіп уланды. Төртеуі ауруханаға жатқызылса, үшеуі ауруханаға жатудан бас тартты.

Сонымен бірге, 9 ақпанда 10 сағат 20 минутта көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 5 адам уланды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, зардап шеккендердің бәрі ауруханаға жатқызылды.