Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы қаласында тағы бір сараптамадан коронавирус анықталды. Бұл 2008 жылы туған қыз, бізге Германиядан ұшып келген. Қазіргі уақытта Алматыда жеті, Нұр-Сұлтанда екі жұқтыру дерегі тіркелді", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жетті 
хабарланған
 еді. 

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай жариялау туралы қаулыға қол қойған болатын.