Алматыда 15-сәуірде жылыту маусымы аяқталады

Компаниядан хабарлауынша, жылу желісінің 132 градустық ең жоғарғы температураға төзімділігін тексеру мақсатында жүргізілетін сынақтарға байланысты қалада біраз уақыт ыстық су берілмейді. 18-22 сәуір аралығында Байзақов көшесінен батысқа қарай ыстық су үзіледі. Қаланың бұл бөлігіндегі сынақ жұмыстары 20-сәуірде 7-18 сағат аралығында жүргізіледі.

Ал қаланың орталық бөлігінде, Байзақов көшесінен шығысқа қарай ыстық су жіберу 25-29-сәуір аралығында үзіледі. Сынақ 27-сәуір күні 7-18 сағат аралығында жүзеге асырылады.