Алматыда 18 оқушы газ баллонынан зардап шекті

Құтқару қызметінің ақпаратына сәйкес, сенбі күні таңертең №155 орта мектептің күзетшісінен 9"б" сыныбының оқушысы сабақты үзу үшін газ баллонын пайдаланды деген хабарлама келіп түскен. Соның салдарынан 18 оқушы улану белгілерімен жедел жәрдем ауруханасының токсикология бөліміне келіп түсті. "Тексеруден кейін олар үйлеріне жіберілді", дейді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті