"Қаржы полициясы дайындалған жоспарға сәйкес 2007 жылдың 1-сәуірі күні 1.00-ден бастап Алматыдағы кәсіпкерлік субъектілерінің "Ойын бизнесі" туралы заңды сақтауын тексеруге қатысты іс-шаралар жүргізді. Біз 26 ойынхана мен ойын автоматтарының ең үлкен залдарын тексердік, барлық ғимараттар жабылған, құрылғылар мен ойын үстелдерін демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кейбір жерлерде жарықтар мен жарнамалар өшірілмеген, бірақ бұл техникалық себептерге байланысты. Себебі, кейбір ойынханалар мейрамханалар мен түнгі клубтары бар үлкен кешендерге кірген",- деді Алматы қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің экономикалық және қаржы қылмыстарын ашу жөніндегі 1-ші басқармасының бастығы Арман Махамбетов.
Салық комитеті төрағасының орынбасары Жанат Тастемірова өз кезегінде, "тексеру жүргізілген екі күн ішінде ірі дүкендер мен сауда орталықтарында ойын аппараттары алынбаған 2 деректің анықталғандығын" хабарлады. "Дүкен иесіне ескерту жасалды, қазір бұл автоматтардың иелеріп табу үшін барлық шаралар жасалуда".
Фискалдық органдардың өкілдері тексеру алдағы уақытта белгілі мерзім ішінде жүйелі түрде жүргізіле беретіндігін мәлім етті.
Жанат Тастемірованың айтуынша, ойын автоматтарының иелері 10 күн ішінде тіркеу карточкасы мен жою декларациясын тапсыруға тиіс. Оның айтуынша, "жергілікті бюджетке ойын залдары мен ойынханалардан түсітін салықтың үлесі небәрі 1 пайызды құрайды, сондықтан ойын бизнесінен айрылу қала үшін үлкен шығын болып табылмайды". Сонымен қатар, Алматы қаласының салық комитеті басқармасының бастығы Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, "жалпы кәсіпкерліктің осы саласынан алынатын тұрақты салық республикалық бюджетке түсе береді, оның Алматыдан немесе Алматы облысынан түсуінің ешбір айырмашылығы жоқ, ал жер мен жылжымайтын мүлік үшін салынатын жергілікті салық өзгеріссіз қала береді", деді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті