Алматыда 2 балл шамасында жер сілкінісі болды

Сейсмологтардың мәліметіне сәйкес, жер асты дүмпулері 20-қарашада 21 сағат 37 минутта тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Талғар қаласына таяу жерде Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 30 шақырым жерде болған.

"Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ",- деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті