Атап айтқанда, қалалық прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, "Ялян", "Әл Фараби", "Алатау-2" базарларын, "Эдем" сауда үйін тексеру барысында 47 сатушыда өздері сатып отырған балалар ойыншықтарының сапа сертификаты жоқ екендігі белгілі болған. "Тағайындалған сараптама әртүрлі материалдардан дайындалған заттарда жалпы органикалық заттардың, атап айтқанда формальдегиданың құрамы мөлшерден артық екендігін көрсетіп отыр",- деп хабарлады. Олар сондай-ақ "ойыншықтардың жойылатындығын", атап өтті.
Сонымен қатар, "ДЛ-Трейд" ЖШС тиесілі "Жу-Жу" сауда үйін тексеру барысында да осы тектес заң бұзушылықтар анықталды. "1,5 млн теңгеге жуық сомадағы өнімді сатуға тыйым салынды",- деп хабарлады қалалық прокуратурадағылар.
Сонымен қатар, бірнеше жеке кәсіпкерлер мен "Эмити Интернэшнл" ЖШС сертификатсыз ойыншықтар сатқандығы үшін әкімшілік жауапқа тартылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті