Алматыда 2003-жылғы таңдаулы басқару жүйесін сыналтуға жарияланған байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіледі

Биыл төртінші рет өткізіліп отырған бұл байқаудың мақсаты ең тиімді басқару жүйесін қалыптастыра білген кәсіпорынды таңдау, қазақстандық менеджементке баға беріп талдау болмақ.

Байқау қорытындысы бойынша "ИспатКармет", "Қазқұрылыссервис", "Қазэнергокабель", "Транском", "Алматықұрылыс" Ұлттық холдинг компаниясы, "Қазхром" АҚ-ның филиалы - Дон кен байыту комбинаты тәрізді кәсіпорындар жеңімпаз атанды.
Марапаттау рәсіміне ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, "Асар" республикалық партиясының жетекшісі Дариға Назарбаева, қоғамдық бірлестіктер, энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Мемлекеттік стандарт пен қалалық әкімшілік өкілдері шақырылған.
Байқауды Республикалық сапа қауымдастығы ҚР индустрия және сауда министрлігінің, энергетика және минералды ресурстар министрлігінің, қалалық әкімшілік пен Қазақстан кәсіпкерлері форумының қолдауымен ұйымдастырғалы отыр.