Алматыда 2004-жылы 147 мың шетел азаматы тіркелді - Алматы қалалық ІІББ

Тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 8 мыңдай адам әкімшілік жауапкершіліке тартылды, 535 шетел азаматы Қазақстан аумағынан аластатылды, 196 адам арнаулы қабылдағышқа қамалды, деп хабарлады Т.Қаттаубаев.

"Алматы тек Қазақстан тұрғындары үшін ғана емес, сонымен бірге басқа да ТМД елдерінің азаматтары үшін тартымды қала",- деді Т.Қаттаубаев. Осыған байланысты көші-қон полициясы өз жұмысы барысында түрлі қиындықтармен жиі кездеседі. Заңсыз келімсектер мен ҚР көші-қон заңын бұзғандарды елден шығарудың ықпалды тетігі әлі де дәйектелген жоқ. "Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарны біз республика шекарасына жеткізіп, елден шығарып үлгермей жатып, олардың тіпті бізден бұрын Алматыға қайтадан жетіп қойған жағдайы талай кездесті",- деді Т.Қаттаубаев. ІІББ депортациялау тетіктерін жетілдіру, бұл жұмысқа елшіліктердің консулдық қызметтерін, сондай-ақ, көші-қон мәселесімен айналысатын халықаралық ұйымдарды тарту туралы өз ұсыныстарын ІІМ мен Алматы қалалық әкімшілігіне жолдады.