Алматыда 2007 жылдың күзінде "Саяхат" және "Сайран" автовокзалдары көшірілетін екі жаңа автовокзал пайдаға берілмек

"Бір кездері қала шетінде орналасқан "Сайран" және "Саяхат" автовокзалдары қазіргі күнде қаланың орталығында қалды. Сондықтан да, біржарым жыл бұрын екі автовокзалды көшіру туралы шешім қабылданған болатын. Осы жылы олардың құрылыс жұмыстары аяқталады",- деді қала басшысы.

"Қазіргі уақытта инвесторлар шығыс және батыс бағытындағы екі автовокзалды салып жатыр. Және де біз олардың күзге дейін пайдаға берілетіндігіне сенеміз",- деді И. Тасмағамбетов. Оның сөздеріне сүйенсек, автовокзалдардың қала шетіне көшірілуінің нәтижесінде Алматыдағы шет қалалардан жолаушылар тасымалдайтын көліктердің қозғалысы оңтайландырады.

Сонымен қатар, И. Тасмағамбетов азаматтарға метрополитен салу жобасының жүзеге асатындығына "күмән жоқ" екендігін айтты. "Оны қаржыландыру мәселесі шешілген. Республикалық бюджеттен 2007 жылы 20 млрд теңге бөлінген. Метро бірінші кезекте 2009 жылдың бірінші жартысында пайдаға берілмек. Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысын елбасы өз бақылауына алған",- деді ол.

Әкімнің ақпараттарына сүйенсек, осы жылы 200 км жолға күрделі және кезекті жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті