Сондай-ақ, кәсіпкерлерге Алматы қаласы әкімінің жанынан кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылар кеңесін құру және жеңіл өнеркәсіп саласын дамытуда технологиялық паркті құру жобалары таныстырылды.
"Отырыс қорытындысы бойынша іскерлік кеңестің жанынан жаңа Салық кодексіне ұсыныстар әзірлеу бойынша, бизнесті дамытуға экономикалық ықпал ету бойынша және 2008 - 2010 жылдарға арналған қалалық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасын пысықтау бойынша жұмыс топтарын құру жөнінде шешім қабылданды", - деп көрсетілген хабарламада.