Алматыда 2008 жылдың мамыр айында инфляция 0,7% болды

Алматы қалалық экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің экономиканы жиынтық жоспарлау бөлімінің мәліметінше, есепті айда азық-түлік тауарлары 1,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,2%-ға, ақылы қызмететрдің құны 0,8%-ға қымбаттады.

Атап айтсақ, азық-түлік тауарлары тобында макарон өнімдерінің бағасы 2,7%-ға, ет және ет өнімдері 2,1%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында дизельдік отын бағасы 5,8%-ға өсті. Мәдениет саласындағы қызметтер құны 1,6%-ға, медициналық және білім беру қызметтері тиісінше 1,2% және 0,1%-ға өсті.